Е.Біртанов: Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері оң серпінге ие

Е.Біртанов: Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері оң серпінге ие

Е.Біртанов: Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері оң серпінге ие
ашық дереккөзі
513
Елімізде медициналық-демографиялық көрсеткіштердің оң серпіні байқалуда, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. ҚР Премьер-министрі  Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқасында Қазақстанда негізгі медициналық-демографикалық көрсеткіштердің оң серпіні байқалғандығын атап айтты. Денсаулық сақтау министрі келтірген деректерге сүйенсек, соңғы он жыл ішінде елімізде өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін ұзарды, ана өлімі 10 жылдың ішінде 3,5 есеге азайды, қатерлі өскіндерден ауыру мен өлім көрсеткіштері 2015 жылмен салыстырғанда төмендеген. Жарақаттар мен уланудан өлім деңгейі он жылдың ішінде екі есеге төмендеген. Дегенмен, қазіргі таңда ол Экономикалық Ынтымақтастық жөніндегі Даму Ұйымы елдерімен салыстырғанда бұрынғысынша жоғары деңгейде сақталуда. Денсаулық сақтаудағы ЭЫДҰ стандарттарына қол жеткізу үшін өткен жылы елімізде денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмыстары бастау алды. «Жалпы, Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың 2016 жылғы алдын ала қорытындысы ғұмырдың болжамды ұзақтығы; халық денсаулығының индексі және халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттану деңгейі секілді негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң серпінін көрсетті», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.  

Серіктес жаңалықтары