Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады, деп жазады turkystan.kz.
Жаңа халықаралық терминалға келген алғашқы рейс - Air Astana әуекомпаниясының KC664 Лондон-Алматы бағытындағы ұшағы. Сағат 08:40-та 94 жолаушы келді.
Ал 9:30-да жаңа терминалдан алғашқы болып Алматы-Доха бағыты бойынша Air Astana әуекомпаниясының KC653 рейсі 166 жолаушымен ұшып кетті.
Жолаушыларды Алматы халықаралық әуежайының басшылығы, Алматы қаласының әкімдігі және Air Astana әуе компаниясының басшылығы қарсы алды.