Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына өтті

Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің үшінші кезеңіне шықты.

Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына өтті
Сурет: ҚТФ

Отандасымыз екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 50-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рус 4:2 есебімен алға кеткенімен, бұдан кейін Елена ойындағы басымдықты толық қолына ала білді. Есеп – 6:4. 

Енді Елена төртінші айналымға өту үшін әлемнің 27-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенс немесе рейтингіде 81-сатыдағы хорватиялық Петра Мартичтің қай жеңгенімен кездеседі.