«Тыныс алу мүмкін емес»: БҚО-дағы ауылдардың бірінде жәндік қаптады

Тұрғындар жәндіктерге қарсы шара қабылдауды сұрайды.

«Тыныс алу мүмкін емес»: БҚО-дағы ауылдардың бірінде жәндік қаптады
Видеодан алынған скриншот

Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті бақташының видеосы тарады. Видеода ер адамның бетіне жәндіктердің құжынап жабысып алғанын байқауға болады, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеоның Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ақжайық ауылында түсірілгені белгілі болды. Бақташының сөзінше, жәндік санының көптігі соншалық, адамның тіпті тыныс алуына мүмкіндік бермейтін көрінеді.

Мамандар Атырауда дәл осындай жағдай қайталануы мүмкін екенін айтады. Жәндіктер адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Мамандар жәндіктер әртүрлі ауруларды тасымалдайды деп алаңдайды.