Адам саудасымен күресуге арналған заң әзірленді

Мәжіліс заңды ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады.

Адам саудасымен күресуге арналған заң әзірленді
сурет: GOV.KZ
754

Жақында адам саудасымен күресуге бағытталған заң әзірленді. Мәжіліс заңды ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Мәжілістің ресми телеграм арнасында жарияланды.

Заңда интернет арқылы жыныстық қызмет көрсетуді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік және медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар заң аясында депутаттар вандализм үшін жауапкершілікті қатайтатын нормалар әзірледі.

Серіктес жаңалықтары