Литва президенті қайта сайланды

Екінші турдағы дауыс беру нәтижелері бойынша Науседа сайлаушылардың 75 пайыз дауысын алды.

Литва президенті қайта сайланды
сурет: BALTNEWS.lt / Алиса Глебова

Гитанас Науседа Литва президенті болып қайта сайланды. Оның қарсыласы Премьер-Министр Ингрида Шимоните жеңілгенін мойындады. Бұл туралы euronews.com хабарлады. 

Литвада президент сайлауының екінші кезеңінде қазіргі ел президенті Гитанас Науседа жеңіске жетті. Оның қарсыласы Премьер-Министр Ингрида Шимоните өзінің жеңілгенін мойындады.

Науқанның негізгі тақырыптарының бірі Ресейдің Украинаға қарсы соғысы және оның Литваның ұлттық қауіпсіздігіне әсері болды. Науседа Литва 2022 жылы Ресей басып кіргеннен бері Украинаның сенімді одақтасы болғанын атап өтті.

Екінші турдағы дауыс беру нәтижелері бойынша Науседа сайлаушылардың 75 пайыз дауысын алды. Ингрида Шимонитаға 23 пайыз дауыс берді.

Шимоните қайта сайланған президентті жеңісімен құттықтап, Үкімет басшысы қызметіне қайта оралуға уәде берді.