Павлодарда зауытта күйіп қалған машинист қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Зардап шеккен 25 жасар қыз Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жатқызылған.

Павлодарда зауытта күйіп қалған машинист қыз жансақтау бөлімінде жатыр
сурет: tengrinews.kz

Павлодарда зауытта күйіп қалған машинист қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ақпарат агенттігі хабарлады.

Оқыс оқиға 24 мамыр күні болған еді. Ақсу ферроқорытпа зауытының екі кран машинисі күйіп, оның бірі ауруханаға жатқызылған. Жас қыздың денесін 80-85 пайызын күйік шалған.

Зардап шеккен 25 жасар қыз Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жатқызылған.

«Өндірістік жарақат салдарынан пациенттің денесінің 80-85 пайызын термиялық күйік шалған. Басы, бет әлпеті, мойны, кеудесі, қол-аяқтары күйіп қалған, күйік шогының үшінші-төртінші дәрежесі тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде, комада жатыр, өкпені жасанды демалдыру аппаратына қосылған», – деп хабарлады №1 Павлодар қалалық ауруханасынан.