Оңтүстік Корея компаниялары елімізде жобаларын жүзеге асыруға ниетті
Қос тарап алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін талқылап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жөнінде пікір алмасты.
Оңтүстік Корея компаниялары елімізде жобаларын жүзеге асыруға ниетті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаеваның Корея Республикасына жұмыс сапары өтті. Сапар барысында Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Чжонг Бёнг Вонмен келіссөздер өтті.
Қос тарап алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін талқылап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат «Samsung Electronics», «Samsung C&T», «Samsung Medison», «Doosan Enerbility», «ECOVICE», «SK Ecoplant», «KIGAM», «GL Rapha», «LS Networks» және «Ionia EnC» сияқты ірі корей компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында кореялық инвесторлар Қазақстанның инвестициялық ахуалымен және инвестиция тартудың жаңа құралдарымен танысты, – деп жазылған ақпаратта.
Тараптар медицина, фармацевтика, қалдықтарды өңдеу, логистика және геология салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарларын да талқылады.