Алматы тауларына қар түсті

Бүгін таңертең мегаполисте ауа райы бұлтты, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады

Алматы тауларына қар түсті
Әлеуметтік желіден

26 мамырда Алматының тауларында қар жауып, қалада ауа температурасы 12 градусқа дейін төмендеді, деп жазады turkystan.kz.

Бүгін таңертең мегаполисте ауа райы бұлтты, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Таулы аймақтарға қар түсті. Әлеуметтік желіде де жауған қардың видеосы тарап жатыр.

Сонымен қатар «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында да қар жауды. Шаңғы трассалары мен кабельді лифттерді онлайн режимінде трансляциялайтын веб-камералар курорттық аймаққа жауып жатқан қарды көрсетті.