1410
Жаңаөзенде түлектер 20 жылдан соң ұстаздарына пәтер сыйлады
Гүлнәр Қарақойшиева 40 жылдан астам мектепте еңбек етіп, жаңаөзендік жастардың сапалы білім алуына өз үлесін қосып келеді
Жаңаөзен қаласындағы №10 орта мектептің 2004 жылғы түлектері «Көмек Жаңаөзен» қайырымдылық қорымен бірлесіп, физика пәнінің мұғаліміне 3 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Түлектер 25 мамырда соңғы қоңырауда пәтер кілтін табыс етті. Гүлнәр Қарақойшиева қуаныштан көзіне жас алып, шәкірттеріне алғысын білдірді. Ұстазға демеушілер мен қайырымдылық қор өкілдері де өз сыйлықтарын табыс етті.
Айта кетейік, Гүлнәр Қарақойшиева 40 жылдан астам мектепте еңбек етіп, жаңаөзендік жастардың сапалы білім алуына өз үлесін қосып келеді.