Павлодарда жоғалған әйел адам шаруа қожалықтан табылды

Ағымдағы жылдың 11 мамырында қабылданған шаралардың нәтижесінде 36 жастағы қызы Жаңауыл кентіндегі шаруа қожалықтарының бірінде анықталды

Павлодарда жоғалған әйел адам шаруа қожалықтан табылды
pavlodarnews.kz

Полиция оның көрші ауылға кетіп, жұмысқа орналасқанын анықтады, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жуырда 25 сәуірде әйел адам 10 сәуірде үйден кетіп, туыстарымен байланысқа шықпаған қызын іздестіру туралы өтінішпен полицияға жүгінген. Сол күні жедел уәкілдер жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті жедел іздестіру іс-шаралары кешенін ұйымдастырды.

Ағымдағы жылдың 11 мамырында қабылданған шаралардың нәтижесінде 36 жастағы қызы Жаңауыл кентіндегі шаруа қожалықтарының бірінде анықталды. Ол туыстарымен байланысқа шықпаған, өйткені олармен араласқысы келмеген және ата-анасынан бөлек тұрғысы келген.

Адамдардың жоғалуының басты себебі – алкогольге тәуелділік. Басқа себептердің қатарында – отбасындағы шиеленіс, ал кейде адамдардың өз жоспарлары туралы ешкімді хабардар етпей кетіп қалуы, – дейді облыстық полиция департаменті криминалдық полиция бастығының орынбасары Аршат Жамиев.