Қазгидромет: Төрт өңірде құрғақшылық болуы мүмкін

Өйткені ол тек ауа райына ғана емес, трансшекаралық өзендерден келетін су көлеміне байланысты болады деп отыр

Қазгидромет: Төрт өңірде құрғақшылық болуы мүмкін
pixabay.com
1864

Қазгидромет мамандары: Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандары, Маңғыстау облысының Маңғыстау мен Қарақия аудандары, Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданы және Қарағанды облысының Шет ауданында қуаңшылық болады деп болжады, деп жазады turkystan.kz.

Былтыр төтенше жағдай жарияланып, құрғақшылықтың зардабын тартқан Жамбыл облысында да жағдай қайталануы ықтимал екенін айтты.

Бірақ бұл алдын ала болжам екенін нақтылады. Өйткені ол тек ауа райына ғана емес, трансшекаралық өзендерден келетін су көлеміне байланысты болады деп отыр.

Серіктес жаңалықтары