Антикор онлайн оқу курсын бастады
Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам адам курстан сәтті өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде жүйелі негізде ақпараттық, білім беру және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенін жүргізеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Documentolog Global Limited» компаниясымен және М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетімен бірлесе мемлекеттік қызметшілерге арналған жемқорлыққа қарсы онлайн оқу курсын әзірледі.
Курстың мақсаты жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді жемқорлық тәжірибелері, олардың салдары және алдын алу әдістемелері туралы жүйелі біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл курс «Documentolog» ақпараттық жүйесінде өтеді, ол осы платформаға қол жеткізе алатын барлық мемлекеттік қызметшілерді қамтуға мүмкіндік береді. «Documentolog» АЖ – бұл мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінің қызметкерлері күнделікті пайдаланатын электрондық құжат айналымы жүйесі. Курс бағдарламасы 3 модульден және 10 жеке тақырыптан тұрады. Оқу материалдары схемалар, жадынамалар және интерактивті презентациялар форматында қысқаша мәтіндік баяндамалар түрінде ұсынылған.
Курс заңдар мен нормативтерді түсінуді, жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты енгізуді, құралдарды меңгеруді қамтитын жемқорлыққа қарсы нормалар мен мінез-құлықтарды оқытуға тұтас көзқарасты ұсынады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерді жемқорлыққа қарсы оқыту жыл сайын 10 мыңға жуық мемлекеттік қызметшіні қамти отырып, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында қайта даярлау және біліктілігін арттыру шеңберінде жүргізіледі.
Агенттік әзірлеген онлайн курс барлық мемлекеттік қызметшілерді жұмыс процестерінен қол үзбей, жемқорлыққа қарсы біліммен уақтылы қамтуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл курсты ұлттық компанияларда, квазимемлекеттік және жеке ұйымдарда тарату жоспарлануда.