Қоғамдық орында бейәдеп сөз айтқан әзілкеш жазаланды

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

Қоғамдық орында бейәдеп сөз айтқан әзілкеш жазаланды
сурет: shutterstock

Алматыда, ойын-сауық орнындарының бірінде бейәдеп сөз айтып, тәртіп бұзған әзілкешке жаза кесілді. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады. 

Әзілкеш ойын-сауық мекемесінде әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп бұушыға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деп жазылған хабарламада.