Димаш Құдайбергенді шетелдегі жанкүйерлері ерекше құттықтады

Ұлыбританияда Димаштың екі фан-клубы бар.

Димаш Құдайбергенді шетелдегі жанкүйерлері ерекше құттықтады
Іnstagram.com/kudaibergenov.dimash
662

Шетелдегі жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтап жатыр. Қазақстандық әнші ертең 30-ға толады. Әсіресе, Ұлыбританиядағы тыңдармандары белсенді. Олар арнайы бейнебаян түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Бұл туралы turkystan.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Ұлыбританияда Димаштың екі фан-клубы бар. Оның мүшелері әндерін түсіну үшін ұлы Абай тілін үйреніп, Қазақстанға сахаттап та жүр. 30-дан астам адам Лондонның көрнекті орындарында жиналып, әншіге жүрекжарды лебізін жеткізді. Ресей, Бразилия, Румыния және басқа да мемлекеттердің азаматтары қолдарына Қазақстанның және Ұлыбританияның туларын ұстап, жұртшылықтың назарын өздеріне аударды. Қамажай биін билеп, қазақ тілінде ән айтты.

«Біз Ұлыбританиядағы диерстар қауымы Димашқа құттықтауымызды жолдаймыз. Оның адам нанғысыз ғажап дауысы біздің жүрегімізді жаулап алды. Ал музыкасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықты біріктірді. Димаш, сенің өнердегі қанатың талмасын. Әндерің бізді шабыттандыра берсін. Кезекті концертіңді асыға күтеміз. Ұлыбританиядағы жанкүйерлерің сені жақсы көреді», - деді фан-клубтың негізін қалаушы Анка Тимофте.

Серіктес жаңалықтары