«Бұл – тойынғандық»: Желі қолданушылары Мейрамбек Бесбаевқа ескерту жасады (ВИДЕО)

Өнер иесі Тұрсынбек Қабатовтың әзіліне видео түсірген.

«Бұл – тойынғандық»: Желі қолданушылары Мейрамбек Бесбаевқа ескерту жасады (ВИДЕО)
Сурет: https://almaty.tv
15928

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың Тұрсынбек Қабатовқа жасаған пародиясы желі оқырмандарының ашуын туғызған, деп жазды turkystan.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің бауырсақпен түскен бейнежазбасына қатысты ескерту жасады.  

"Тиіспеңдерші бауырсаққа, ол қазақтың бауырсағы", "Бауырым, басқа-басқа, нанмен ойнамаңдар, басқа нәрсе таппадыңдар ма?", "Обал болады ғой", "Қызық емес, бауырсаққа тиіспеңіздер", "Шетелдің керегі не бізге?", "Бір үзім нанға жете алмай отырғандар бар, бұл – тойынғандық", "Ауыз өзімдікі деп не болса соны әңгіме етіп тұрғаны несі? Бауырсақ қазақтың ең қасиетті асы . Бауырсақ солай қала береді. Тұрсынбек айтты екен деп оны не болса сонымен араластырудың қажеті жоқ.Ұнамағандар жемей-ақ қойсын! деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары