Түркістан облысында аустралиялық әдіс бойынша алғашқы мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин құрылыс алаңына барды. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайтында хабарланды.
Жобаны Арыс қаласында «Turkestan Agro.kz» компаниясы салып жатыр.
Биыл жүзеге асатын бірінші кезеңінде 5 мың бас, 2025-2026 жылдары тағы 10 мың бас, 2026-2027 жылдары 25 мың бас сатып алынады. Құрылыстың, бордақылаудың және мал жаюдың барлық жүйесі мал шаруашылығын жүргізудің аустралиялық әдісімен жүзеге асырылады, - деп жазылған Үкіметтің мәлімдемесінде.