"Ұлы дала жорығы": Үшінші кезеңде Жетісу командасы жеңіске жетті

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды.

"Ұлы дала жорығы": Үшінші кезеңде Жетісу командасы жеңіске жетті

21 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 15 команда Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекеніненАқмола облысының аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанды. 

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанадааяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымынбағындырып, үшінші кезеңнің мәресі Торғай елді-мекені маңында аяқталды.  

Үшінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті. 

Өкінішке қарай, үшінші кезеңде Шығыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды. 

Үшінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай, Павлодар, Ақмола, Ұлытау облыстарынан екі аттан, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматы қаласы мен  Жамбыл облысы бес атпен жарысқа шығады. Жалпы 22 мамырда 3-кезеңді 14 команда жалғастырады. 

100 км:

1. Жетісу облысы - 06:57:11

2. Маңғыстау облысы - 07:30:48

3. Алматы қаласы - 07:35:52

4. Қостанай облысы - 08:18:54

5. Жамбыл облысы  - 08:24:30 

6. Астана қаласы - 08:35:16 

7. Қарағанды облысы - 09:24:28

8. СҚО - 09:32:21 

9. Ақмола облысы - 09:53:57 

10. Түркістан облысы - 10:42:08

11. Абай облысы - 10:45:39

12. Ұлытау облысы - 11:14:30

13. Павлодар облысы  - 12:48:13 

14. «Рекорд» командасы.

 

300 км: ЖАЛПЫ НӘТИЖЕ

1. Жетісу облысы - 19:41:06 

2. Маңғыстау облысы - 20:13:16 

3. Алматы қаласы - 20:31:38 

4. Жамбыл облысы  - 21:44:47 

5. Қостанай облысы - 21:48:55 

6. Астана қаласы - 23:08:36 

7. Қарағанды облысы - 23:49:23 

8. Ақмола облысы - 24:21:23

9. СҚО - 25:09:07 

10. Түркістан облысы - 26:26:44

11. Абай облысы - 26:29:16 

12. Ұлытау облысы - 28:13:15 

13. Павлодар облысы  - 28:59:26 

14. «Рекорд» командасы.