Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Ол ҰҚК бастығының бұрынғы орынбасарына 200 мың доллар көлемінде пара берді деп айыпталған болатын.

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды
сурет: el.kz
925

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлады

Ол 2023 жылғы 20 шілдеде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Нақтырақ айтқанда, ол ҰҚК бастығының бұрынғы орынбасарына 200 мың доллар көлемінде пара берді деп айыпталған болатын. Дегенмен, Мақсұт Исахов бұған дейінгі сот отырыстарында өзінің кінәсіз екенін айтқан.

Мақсұт Исаховқа қатысты істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарады.

 

Серіктес жаңалықтары