Екатеринбург әуежайында ұшақ бір адамды басып кетті

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері дереу жетті

Екатеринбург әуежайында ұшақ бір адамды басып кетті
pixabay.com
971

Екатеринбургтегі (Ресей) Кольцово әуежайында Бішкек қаласына ұшқалы жатқан “Орал авиакомпаниясының" ұшағы бір адамды басып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz Новый день агенттігіне сілтеме жасап.

«Техник маман «Екатеринбург–Бішкек» бағытындағы рейс ұшар алдында алдыңғы шассиді тексеруді бет алған. Әуе кемесін бұру кезінде ол техник аяғынан жарақат алды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері дереу жетті», – делінген ресми хабарламада.

Рейс үш сағатқа кешіктірілді. Ақырында экипаж мүшелері ауысып, жолаушылар басқа ұшақпен ұшты.

 

Серіктес жаңалықтары