Ақтауда мас жүргізуші балалар мінген көлікке соқтығысқан

Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ақтауда мас жүргізуші балалар мінген көлікке соқтығысқан
Видеодан алынған кадр
719

Ақтауда мас жүргізуші балалар мінген көлікке соқтығысқан, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіде 18 мамырдан 19 мамырға қараған түні болған апаттың салдары бейнеленген кадрлар пайда болды.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі 20-шағынауданнан келе жатып, қарсы жолақпен келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Кейін жол апатына себеп болған жүргізуші көлігін жүргізіп кете берген. Кейін ол 12-шағынаудандағы "Жас қанат" спорт кешенінің маңында Kia көлігіне соқтығысқан. Бұл көлікте балалары бар отбасы отырған. Жол талғамайтын көлік иесінің мас болғаны айтылады.

Облыстық полиция департаменті оқиға кезінде Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі мас болғанын растады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем және жедел медициналық жәрдем станциясы дәрігерлерге қоңырау 23:05-те түскенін хабарлады. Бір адам зардап шекті, бірақ ол ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Серіктес жаңалықтары