Су тасқыны: Ақтөбеде зардап шеккендерге 1 млрд теңгеден астам біржолғы төлем берілді

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап әлеуметтік төлем аударылып жатыр

Су тасқыны: Ақтөбеде зардап шеккендерге 1 млрд теңгеден астам біржолғы төлем берілді
stan.kz
1632

Ақтөбеде біржолғы әлеуметтік төлем ретінде 3 371 отбасына 1,1 млрд теңге төленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап әлеуметтік төлем аударылып жатыр. 

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізінде біржолғы әлеуметтік төлемге бүгінгі күні облыс бойынша 3371 құжат қабылданып, оларға 1,1 млрд теңге тағайындалып, толық төлем жүргізілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты аудандық бөлімдер мұнымен жұмысты тоқтатпақ емес. Егер қаржылай көмек туралы өтініш түсетін болса, толықтай тексерістен соң, оны төлейді, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары