Павлодарда автобус трамвай бағанына соғылып, жүргізуші көз жұмды

Қазіргі уақытта апаттың себеп-салдары анықталып жатыр

Павлодарда автобус трамвай бағанына соғылып, жүргізуші көз жұмды
inbusiness.kz
624

Жол-көлік апаты Назарбаев даңғылы мен Казправда көшелерінің қиылысында болған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп жазады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, Павлодарда қала ішінде жүретін автобус жүргізушісі көлік руліне ие бола алмай, жол ортасындағы трамвай желісінің бағанына соғылды.

«Жол-көлік апаты Назарбаев даңғылы мен Казправда көшелерінің қиылысында болған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп болған», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта апаттың себеп-салдары анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары