834
Елімізде 11 мыңнан астам адам банкрот деп танылды
Олардың жалпы берешегі 25 млрд теңгеден асады
Елімізде 11 мыңнан астам адам банкрот деп танылды, деп жазады turkystan.kz.
Олардың жалпы берешегі 25 млрд теңгеден асады. Тағы 5 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралып жатыр. Нақты жауабы 6 ай тексерістен кейін белгілі болады.
Алайда ресми түрде «банкрот» статусын алмай жатып, арызын қайтарып алғандар да бар. Бір жылда 1000-ға жуық адам өз өтінішін кері қайтарған. «Банкрот» деп танылған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды. Сондай-ақ оның қаржылық жағдайына 3 жыл бойы бақылау жүргізіледі.