Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты

/
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты
ҚР ТЖМ
Будақтаған қара түтін Есет батыр тұрғын алабындағы 9 қабатты үйдің жетінші қабатынан шыққаны анықталды

Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үй өртенді, деп жазады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, будақтаған қара түтін Есет батыр тұрғын алабындағы 9 қабатты үйдің жетінші қабатынан шыққаны анықталды. 

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ маршы арқылы 15 адамды эвакуациялады. Оның 4-еуі бала. Зардап шеккендер жоқ. Қазір балконнан шыққан өрттің тұтану себебі анықталып жатыр. Тілсіз жау 19 минут ішінде сөндірілді, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары