Түркістан облысында үш жасар қыз жоғалып кеткен

Жақын маңда шағын канал бар, суын тоқтатып, 24 шақырым бойымен іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында үш жасар қыз жоғалып кеткен
Гүлмира Әбіқайдың парақшасынан

Тұрғындар бүкіл ауыл болып баланы іздеп таппаған, деп жазады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Алдымен, бұл оқиға жайлы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай жазды. 

Асылым әлі табылмады. Таңертең кішкентай қыздың жоғалғанына 48 сағат болады (кеше жазғаны). Таңғы асты ішіп біткен сәтте үлкендер әрлі-берлі жиналғанша ізі-қайым жоғалды. Түркістан облысының Сарыағашқа жақын Сіргелі ауылы. Шағын ауыл жоқ іздеп өре түрегелді. Бір көшеде өзі 17-ақ үй; септик, құдық, жертөле, шұңқыр бәрі қаралды, – дейді ол.

Жақын маңда шағын канал бар, суын тоқтатып, 24 шақырым бойымен іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Асылымды білдім-көрдім деген адам жоқ. Табан астында ізі-қайым жоқ болды. Белгілі экстрасенс “Алысқа бармаңдар, сол ауыл шетіндегі су (шұңқыр, подвалды) қарасын” дейді. Егер, қыздың затын (киімін, ойыншығын) қолыма ұстасам нақты айтар ем деп қосты. Қазір ауыл адамдары дәретханаларды сорғызып қарап жатыр. Түн тыныштығын беріп, таңға жақсы хабар естиікші! Бір әулеттің қуанышы, отбасындағы 5 баланың кенжесі Асылым дін-аман табылса екен, – деп жазады журналист.

Асылым әлі табылмай жатыр.