Елорда Кубогі: Сәкен Бибосынов финалға шықты

Сәкеннің финалдағы қарсыласы - Дамир Әбдіқадыров.

Елорда Кубогі: Сәкен Бибосынов финалға шықты
olympic.kz

Бокстан Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогі» турнирінде алғашқы финалистер анықталды, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

48 келі салмақта Асхат Жүсіпов финалға шықты. Ол жапондық Казума Аратекемен кездесіп, алтын медальді сарапқа салады. 

Сондай-ақ, 51 келідегі Сәкен Бибосынов та турнирдің алтын медаліне таласады. Сәкен жартылай финалда тағы бір жапондық боксшы Макино Соушиді жеңді. 

Сәкеннің финалдағы қарсыласы - Дамир Әбдіқадыров.