512
12 қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте жоғарылады
ATF рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Айша Сайран көш бастаса, Аделина Маманфина екінші орында келеді.
![12 қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте жоғарылады](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2024/05/1715863434.jpg)
Қазақстандық жас теннисшілер ITF (Халықаралық теннис федерациясы), TE (Еуропа теннисі) және ATF (Азия теннис федерациясы) жасөспірімдер рейтингісінде жоғары көтерілді.
Әмір Омарханов 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors рейтингісінде бұрынғыша 14-орында тұр. Даниал Рахматуллаев - 73, қыздар арасында Соня Жиенбаева - 29, Асылжан Арыстанбекова 40-сатыда.
Tennis Europe рейтингісінде 14 жасқа дейінгілер арасында Родион Трайгель - 28, Роберт Каминский - 33, Аңсар Ниетқалиев - 81, Ахмади Маханов - 83, қыздардан Линара Бөлешева - 60, Руслана Русланова 95-сатыға жайғасты.
ATF рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Айша Сайран көш бастаса, Аделина Маманфина екінші орында келеді.