«Run for autism» жүгіруден қайырымдылық марафонына 16 қаладан 2 мыңнан астам адам тіркелді

Run for autism — бұл аутизмді зерттеуді қолдау үшін қаражат жинауға арналған халықаралық бастама.

«Run for autism» жүгіруден қайырымдылық марафонына 16 қаладан 2 мыңнан астам адам тіркелді
turkystan.kz
713

18 мамыр күні Астанадағы Триатлон паркінде екінші рет ұйымдастырыл жатқан «Run for autism» қайырымдылық марафоны өтеді.

Жүгіруден қайырымдылық марафоны аутизм туралы ақпаратты тарату мақсатында, аутизм бар адамдардың өмір сапасын жақсарту, олардың әлеуметтенуі және өз қабілеттерін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз ету мақсатымен «Болашақ» корпоративтік қоры серіктестердің қолдауымен өткізеді. Жиналған қаражат балабақшаларда аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға бағытталады. «Болашақ»  қоры 2023 жылдың сәуіріндегі бірінші қайырымдылық марафонынан түскен қаражатқа Астанадағы №54, №60 және №66 балабақшаларында үш инклюзияны қолдау кабинетін жабдықтады. Аутистік спектрінің бұзылыстары бар 18 бала осы кабинеттерде дәріс оқиды.

Жүгіру 1 км., 2,5 км., 5 км. және 10 км төрт қашықтық бойынша өткізіледі. Қатысу бағасы 5 990 теңгеден бастап 8 990 теңгеге дейін. Форматы: офлайн, онлайн. Жүгіруге кәсіби спортшылар, жүгірушілер, әуесқой спортшылар, ерекше балалар мен олардың ата-аналары және т.б. қатысады.  

Марафонға Қазақстанның 17 қаласынан 2 300 адам тіркелді. Онлайн жүгуге 8 қаладан 14 адам тіркелді. Іс-шараға қонақ ретінде ММА және джиу-джитсудан бес дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Айдар Махметов,  арнайы күш нөмірлері бойынша төрт дүркін рекордсмен, Гиннесс кітабының рекордсмені және Қазақстанның алты дүркін рекордсмені палуан Сергей Цырульников және басқалары қатысатын болады.

Жиын соңында аутизм және басқа даму ерекшеліктері бар балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізіледі.  

Жүгіруге қатысушылар арасында бағалы жүлделер: смартфондар, премиалды киім брендтерінің, кофеханалардан, стоматологиялық клиникалардан, жүзу мектебінен сыйлық сертификаттары, фитнесс-орталығынан бір жылдық абонемент және т.б. ұтыс ойынында таратылады.

«Run for autism» қайырымдылық жүгірісі Астана қаласының әкімдігінің, «Amanat» партиясының, «ERG» компаниялар тобының, «Integra Construction» компаниясының, «NAK» құрылыс холдингінің, «SF» қазақстандық дәмді тағамдар желісінің, «Myd Production» компаниясының, «G-life» ауыз суының, «K-cell» компаниясының, «Argymaq» премиалды брендінің, «ZAVOD» ивент агенттігінің, «NV Clinic» стоматологиясының, «Teethalign» компаниясының, «Templ» фитнесс орталығының, «WOW Swim» жүзу мектебінің, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ, «Coffee Day» әлемдік кофеханалар желісінің, «SL» компаниясының, Қазақстандық спортшылар кеңесінің «Nomad Triathlon Club», «My Start», Халықаралық бағдарламалар орталығының қолдауымен өтеді

Run for autism — бұл аутизмді зерттеуді қолдау үшін қаражат жинауға арналған халықаралық бастама. Run for autism форматтары: марафон, жартылай марафон, триатлон, жүгіріс. Олар әлемнің ең ірі қалаларында өткізіледі: Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Чикаго, Питсбург және т.б.

Өтетін орны мен күні: Астана қ. Триатлон паркі 2024 жылғы 18 мамыр. Марафон сағат 08:00-де басталады.

 

Серіктес жаңалықтары