Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: ortalyq.kz
550

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

"Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Словакия Премьер-министріне оқ атылғаны туралы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары