670
Словакия Премьер-министріне оқ атылды (ВИДЕО)
Премьер-министр ауруханаға тікұшақпен жеткізілген.
Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға белгізіс адам қастаңдық жасамақ болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Словакия министрлер кабинетінің отырысынан шыққан Роберт Фицоға оқ тиді. Ол бұл кезде көпшілік арасынан өтіп бара жатқан. Әзірге қарулы адамның премьер-министрді не үшін өлтірмек болғаны белгісіз. Шабуыл жасаған адам ұсталды.
Куәгерлердің айтуынша, олар үш мәрте оқ дауысын естіген. Күзетшілер жаралы Фицоны көлікке көтеріп салып алған.