Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды

Сондай-ақ, жарысқа төрелік ету үшін Қазақстан сапынан екі төреші шақырту алды.

Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды
Olympic.kz

Өзбекстан астанасы Ташкент спорттық гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионатын қабылдайды. Аталған сынға Милад Карими бастаған қазақстандық спортшылар да қатысады.

Бас бапкер Александр Ким Ташкент төрінде сынға түсетін құрамды жариялады. Олар: Милад Карими, Нариман Құрбанов, Ілияс Азизов, Фарух Нәбиев, Дмитрий Патанин және Диас Тойшыбек. 

Команда сапында Карими көпсайыстан, Құрбанов ат снарядынан Олимпиада жолдамасын алып қойған. Қалған спортшылар құрлыққа бөлінген бір жолдамаға таласады. 

Сондай-ақ, Өзбекстан федерациясы жарысқа төрелік ету үшін алты еуропалық төрешіні алдырып отыр. Қазақстан сапынан екі төреші шақырту алды. Тимур Әміртаев қол тіреп секіру және еркін жаттығуда, Александр Ким қоссырықта төрелік етеді.