Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық таеквондошылар белгілі болды

Жолдама алған спортшылардан басқа үздік таеквондошыларымыз да бағын сынайды.

Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық таеквондошылар белгілі болды
olympic.kz

Қазақстан құрамасы таеквондодан Вьетнамда өтетін Азия чемпионатына толық құраммен қатысады. 

Вьетнамның Дананг қаласындағы Азия чемпионатында бақ сынасатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды. 16-18 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеге олимпиадаға жолдама алған спортшылардан басқа үздік таеквондошыларымыз бағын сынайды. 

Әйелдер:

46 келі. Рита Бакишева 
49 келі. Ботагөз Қапанова
53 келі. Айдана Сүндетбай 
57 келі. Мария Севостьянова 
62 келі. Жазира Исина
67 келі. Нұрай Хұсаинова

Ерлер:

54 келі. Бекторе Оралханов 
58 келі. Тамерлан Тілеулес
63 келі. Нурбек Ғазез 
68 келі. Бексұлтан Мұсахан 
80 келі. Нұрқанат Қожахмет 
+87 келі. Бейбарыс Қаблан 

Айта кетейік, таеквондодан Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасының екі жолдамасы бар. 58 келідегі Самирхон Абабакиров пен 80 келідегі Батырхан Төлеуғали лицензия иеленген еді.