Тапсырыспен өзгенің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады

Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегіне қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Тапсырыспен өзгенің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады
polisia.kz
689

Алматы тұрғынының көлігін өртеп жіберген азамат ұсталды. Ол анонимді тапсырыс берушінің айтқанын ақша үшін орындағанын мойындады.

Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегіне қатысты қылмыстық іс тергелуде. Қазір қылмысқа қатысы бар басқа адамдардың және тапсырыс берушінің жеке басын, сонымен қатар оның себебін анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Серіктес жаңалықтары