Астанада тағы 8 автобустың маршруты өзгерді

Сондықтан № 9, 11, 22, 22А, 28, 47, 48, 71 бағдарлары аталған аялдамада уақытша жолаушыларды отырғызып-түсірмейді

Астанада тағы 8 автобустың маршруты өзгерді
Ашық дереккөз

City Transportation Systems компаниясы елордада тағы бірнеше бағыт ауысып, қоғамдық көлік айналып жүретінін еске салды, деп жазады turkystan.kz.

«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 18, 52, 54, 57, 121, 120, 24, 24Н бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді», - деп хабарлады компаниядан.

Сонымен қатар жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қошқарбаев даңғылы бойымен Абылай хан даңғылына бара жатқан жолдағы «№ 1 қалалық аурухана» аялдамасына өтетін жол жабық. 

Сондықтан № 9, 11, 22, 22А, 28, 47, 48, 71 бағдарлары аталған аялдамада уақытша жолаушыларды отырғызып-түсірмейді.