Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы спорт комитетінің өкілдерін қабылдап, Отан қорғаушы күнімен құттықтады.
Іс-шара барысында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, АОСК СК спортшысы Сәкен Бибосынов пен жаттықтырушы Асан Мәмбетқұловқа лейтенант шені табысталды.
Айта кетейік, әскери қызметшілер арасынан 9 спортшы Париж Олимпиадасына қатысады. Бокстан Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан, таэквондодан Сомирхон Абабакиров пен Батырхан Тілеуғали, қазіргі бессайыстан Елена Потопенко, нысана көздеуден Ислам Сәтбаев, грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали мен Әлімхан Сыздықов және спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.