«Жиырма күн ес-түссіз жаттым»: Денсаулығы сыр берген Құрманай Бақтиярқызы қазіргі жағдайын айтты

Өнер иесі басынан өткен қиын кезең жайлы жан сырын ақтарды.

«Жиырма күн ес-түссіз жаттым»: Денсаулығы сыр берген Құрманай Бақтиярқызы қазіргі жағдайын айтты
Құрманай Бақтиярқызы. Фото: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy
1299

Сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызы ауыр отадан кейін жағдайы күрт нашарлап, 20 күн ес-түссіз жатқанын айтты.

Өнер иесі басынан өткен қиын кезең жайлы жан сырын ақтарды.

"Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп жақсы өткен. Асқазан ауырып жүргеніне екі жыл болды. Барлық анализдер жақсы шығып, отадан соң тұрып, үйге қайтқанмын. "Ішек спайка болған тілу керек әйтпесе болмайды" деді. Ары қарай білмеймін. Комаға түсіп өң мен түстің ортасында Димаш Құдайбергенмен әлемдік концерттерде жүрдім. Иә анық көрінеді. Жиырма күнге жуык ес түссіз жатқанымды көрген достар бәріне дайын тұрды. Алланың қалауы ғой, "99/1 пайыз ғана үміт бар, дайын болыңыздар" деген екен.

Бұл тақырыпты осы жазбамен жабамын. Жаман күндер артта қалды. Бір дертке шипа іздегенімде Алла ауыр көтере алатын сынақ беріп, он дертімнен айықтырды. Ішекті бірнеше рет жуғызды. Асқазанның жарасын да, артығын да кесті. Қанда тазарды, ұйқы бездері орнына келді. Қан қысымы мүлде жоғалды. Әр қиындықтың артында Һайырлы үлкен жеңілдігімен қуаныштары бар деп тегін айтпаған. Өзіме емес көзіме құнды сөзіме мән бер, халқым. Мен сіздермен сондай бақыттымын", - деп жазды ақын Instagram-дағы парақшасында. 

Серіктес жаңалықтары