Су тасқыны: 50 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

Жалпы, 50 467 адам өз үйлеріне оралды

Су тасқыны: 50 мыңнан астам адам үйлеріне оралды
1140

ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері тұрғын үй мен аумақтарда дезинфекциялау жүргізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында су басқан 97 үйде, Атырау облысының Құлсары қаласы мен Жылыой ауданында екі көпқабатты тұрғын үй мен аумақтарда дезинфекциялау жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы маңындағы аумақтарда жалпы ауданы 65 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жүргізілді, - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар су сору жұмыстары жалғасуда. Өткен тәулікте Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 704 үй мен 219 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Барлығы 130 227 текше метр су сорылды. Су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізу үшін өңірге Алматы қаласы, Абай, Қостанай, Павлодар облыстары ТЖ департаменттерінің күштері мен құралдары жіберілді.

Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 16 млн еріген қар суы сорылды.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары, Торғай өзені су деңгейіне сағат сайын мониоринг жүргізілуде. Өткен тәулікте 4 600 қапшық пен 710 тонна инертті материал төселді, - деді спикер.

Жалпы, 50 467 адам өз үйлеріне оралды. 5 447 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 11 458 адам, 1 289 техника, 329 су сору құралы және 68 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары