Алматыда былтыр күзде жоғалып кеткен жасөспірім қыз табылды

Қыздың нақты қайдан табылғаны және басқа да деректер айтылмады.

Алматыда былтыр күзде жоғалып кеткен жасөспірім қыз табылды
ernur.kz

Алматыда былтыр күзде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз тірі болып шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram-дағы парақшасында жазды.

Коваленко Валерия Денисовна, 2009 жылы туған, 2023 жылғы 24 қарашада жоғалып кеткен. Ол сағат 23:00 шамасында Іле ауданы Боралдай ауылы Әзербаев көшесі, 102 үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені беймәлім болды.

Еріктілердің айтуынша, жоғалған адам осы жылы сәуір айында табылған. Қыздың нақты қайдан табылғаны және басқа да деректер әзірше айтылмады.