Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды

Бұл Мағжанның ұзақ үзілістен кейін қатысқан алғашқы жарысы.

Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды
olympic.kz

Дзюдодан Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Мағжан Шамшадин күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.

60 келі салмақтағы финалдық бәсекеде Шамшидин тәжікстандық Мұхаммедсалех Куватовпен кездескен болатын.

Белдесу Куватовтың жеңісімен аяқталды. Тәжік балуаны "иппон" ұпайымен жеңіске жетті.

Ал бұл Мағжанның ұзақ үзілістен кейін қатысқан алғашқы жарысы. Шамшидин былтырғы қарашадан бері жарақатына байланысты татамиге шыққан жоқ.

Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанып отыр