Қазақстан елшісі Эстония президентімен кездесті
Кездесу барысында тараптар екі елдің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығы туралы хабардар етті.
![Қазақстан елшісі Эстония президентімен кездесті](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2024/05/1714793566.jpeg)
Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Алтай Көлгінов Эстония Президенті Алар Кариске сенім грамоталарын табыс етті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Эстония арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және екі елдің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығы туралы хабардар етті.
Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылда, әсіресе цифрландыру, көлік және логистика салаларында тиімді ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екендігі аталып өтті.
Кездесу соңында Эстония Президенті Қазақстан Елшісін ресми қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан-Эстония қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуда зор табыстар тіледі.