Мақпал Жүнісова өзіне пародия жасаған тыңдарманын сынға алды (ВИДЕО)

Мақпал Жүнісова тыңдармандарының бірі жасаған пародияға баға берді.

Мақпал Жүнісова өзіне пародия жасаған тыңдарманын сынға алды (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz

Әлеуметтік желіде әнші Мақпал Жүнісоваға пародия жасаған қыздың видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Әншіге еліктеген ару сахнада ән айтып тұрған Мақпал Жүнісованың обрасын қайталауға тырысқан. Алайда оның видеосын көрген Мақпал Жүнісова тыңдарманының қылығын жаратпай қалды.

«Қарағым, әннің қадірін қашырдың ғой. Мен әнді сіз сияқты айтпаймын, сізге екі деген баға қоямын!» - деді өнер иесі. 

Әлеуметтік желінің бір сәттік жұлдызына айналған қыз видеоның интернетте жарияланғанынан бейхабар болып шықты. 

«Мақпал Жүнісоваға пародия салмадым, ол кісідей болу бізге қайда?! Үйдегілерге концерттен алған әсерімді бөлістім. Бұл видеоның Тикток желісіне салынғанын да білмедім. Артық сөкпеңіздер!», - деді ол.