Картоп қабығынан – тағам, тұрып қалған жемістерден – шырын: Hilton қалдықсыз ас мәзірін ұсынды

Ас үйде қоқыс жәшігі де жоқ, аспаздар кез келген қалдықты жаңа тағам түрін әзірлеуге пайдалана алады.

Картоп қабығынан – тағам, тұрып қалған жемістерден – шырын: Hilton қалдықсыз ас мәзірін ұсынды
сурет: businesstraveller.com

Картоп қабығынан әзірленген ризотто және тұрып қалған жеміс-көкөністен жасалған коктейльдер. Hilton қонақ үй желісі қалдықсыз ас мәзірін таныстырды, деп жазды businesstraveller.com.

Бұрын қоқысқа лақтырылғанның бәрі – қабық, тұрып қалған жеміс пен көкөніс, ет қалдықтары енді кәдеге жарайды. Осылайша, қонақ үй тамақ қалдықтарын азайтуға үлес қосып отыр.

Ас үйде қоқыс жәшігі де жоқ, аспаздар кез келген қалдықты жаңа тағам түрін әзірлеуге пайдалана алады.