Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік дәрігер 46 миллион теңгесінен айырылды

Дәрігер алаяқтарға алданғанын түсініп, полицияға арыз түсірді.

Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік дәрігер 46 миллион теңгесінен айырылды
Shutterstock
766

Ақтөбелік дәрігер әлеуметтік желіде жалған жарнамаға алданып, 46 миллион теңгеден айырылды, деп хабарлады turkystan.kz

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, алаяқтар әлеуметтік желіде «Kaspi Profit» платформасының жалған жарнамасын орналастырған. Танымал банкирдің атынан ақшаны инвестициялауға да шақырған.

sputnik.kz сайтының мәліметінше, ақтөбелік дәрігер әйел жарнамаға сеніп, өз мәліметтерін берген. Оған Telegram арқылы «Kaspi Profit» менеджері және қаржы талдаушысы ретінде таныстырған адам хабарласты.

«Менеджер «RoseFinance» крипто платформасына ақша салып, одан жоғары пайызбен пайда табуға болатынына сендірген. Дәрігер қаңтар-сәуір айлары аралығында платформаға 46 миллион теңгеден астам ақша аударған. Бірақ ешқандай жоғары пайыз түспеді», - дейді полицейлер.

Дәрігер алаяқтарға алданғанын түсініп, полицияға арыз түсірді. Қазіргі кезде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары