Оралда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 53 адам эвакуацияланды

Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Оралда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 53 адам эвакуацияланды
ТЖМ

Өрт сөндірушілер 53 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады.

БҚО Орал қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің 7 қабатындағы пәтерлердің біреуінде өрт болды.

Дереу оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 53 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмыстарының арқасында, өрт 18 ш.м алаңда сөндірілді.

Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.