818
Желіде ақтаулық әйелдің лифтіде соққыға жығылған видеосы тарады
Ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Әлеуметтік желіде ер адамның әйел адамды лифтіде ұрып-соғып жатқан сәтінен видео тарады.
Оқиға 27 сәуірде болған. Видеодан ер адамның лифттен шығып бара жатқанда әйелді жұдырықтап, аяусыз тепкінің астына алғанын көруге болады.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті күдікті ұсталғанын мәлімдеді. Ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
«Ер адам отбасындағы жанжал үшін жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді», - деп хабарлады полиция өкілі.