Жамбыл облысында қар жауды (видео)

Оқырмандар қар Жамбыл облысының Құлан және Меркі ауданына да жауып жатқанын айтуда.

Жамбыл облысында қар жауды (видео)
Скриншот

27 сәуір күні Жамбыл облысына қар жауды. Ауа райының күрт құбылғаны жайлы әлеуметтік желідегі парақшалар жазып жатыр. 

Өңірдегі ауа райының қолайсыздығы туралы және қар жауып жатқан видеоны Dauletten парақшасы да жариялады.

Желіде тараған видеода тұрғындар бүгін Жуалы ауданына қар түскенін, ал көлік жүргізушісі жазғы дөңгелекпен жүргенін айтқан. 

Оқырмандар қар Жамбыл облысының Құлан және Меркі ауданына да жауып жатқанын айтуда.