Жасанды интеллект адамның саяси ұстанымын суретінен тануды үйренді

Нейрондық желі АҚШ сайлаушыларының суреттері негізінде оқытылған.

Жасанды интеллект адамның саяси ұстанымын суретінен тануды үйренді
сурет: dsmedia.pro

Жасанды интеллект адамның саяси көзқарасын суретінен анықтай алды. Болжамның дәлдігі – 70%. Бұл туралы New York Post  жазды. Басылым бұл жаңалықты адамның жеке құпиясына төнген қауіп деп бағалап отыр.
 
Нейрондық желі АҚШ сайлаушыларының суреттері негізінде оқытылған. Либералдардың (Байденнің жақтастарының) иегі кішірек, ал ерні мен мұрны төмен түсіп тұрады, ал консерваторлардың (Трампты қолдаушылар) беті жалпақ екені анықталды. 

Сарапшылар жақында жасанды интеллект фотосуреттерден тек саяси көзқарастар туралы ғана емес, сонымен қатар басқа да жеке ақпаратты анықтай алатындай деңгейге жетеді деп қауіптеніп отыр.