Жанкүйерлер рингке шығып, жеңімпазды соққыға жықты (ВИДЕО)

Боксшы нокдаунға түкен соң, бірнеше жанкүйер рингке атып шығып, жеңімпазды соққыға жықты.

Жанкүйерлер рингке шығып, жеңімпазды соққыға жықты (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Аустрия атынан өнер көрсететін ресейлік Мансур Эльсаев (18-1, 16 КО) пен Испания намысын қорғап жүрген кубалық Альберто Ламела (8-3, 5 КО) арасындағы кездесудің соңы төбелеске ұласты, деп жазады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Екі боксшының арасындағы кезедсу Венадағы (Аустрия) Steffl Arena-да өтті. Ламела 12-раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Оның алдында 11-раундта Эльсаев нокдаунда болған еді.

Осылайша, Ламела орта салмақта EBU Silver титулын жеңіп алды. Ал Эльсаев мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.

Кездесу соңында Ламела қарсыласын нокаутқа түсірген соң, қолын көтеріп, жеңгенін мерзімінен бұрын білдірген болатын. Осы сәтте аренада отырған бірнеше жанкүйер рингке атып шығып, жеңімпазды соққыға шықты. Ламеланы төмпештегендердің арасында Эльсаевтың бапкері Исаак Косашвили де бар.