«2 күн бұталардың арасында отырған»: Атбасарда суға батып кетті деген адам тірі табылды (ВИДЕО)

Іздеудегі адам Жабай өзенінің тасуы салдарынан пайда болған су басқан учаскеден табылған.

«2 күн бұталардың арасында отырған»: Атбасарда суға батып кетті деген адам тірі табылды (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz

1977 жылы туған ер адамды іздеп табу үшін кеше Ақмолалық құтқарушылар шақырылған, деп хабарлады turkystan.kz.

«Іздеудің бірінші күні еш нәтиже бермеді. Бірақ, бүгін таңертең ер адам бұталардың арасынан тірі және аман-сау табылды. Құтқарылған адам сүңгуір костюмдерін киген құтқарушыларды көргеніне қуанған. ТЖД қызметкерлері оны тамақтандырып, құрлыққа жеткізді. Айта кететіні, ер адам бұталардың арасында бір жарым күн отырған. Ең бастысы, ер адамның су басқан учаскеге не үшін және қалай барғаны қазір Атбасар ауданының полиция бөлімінде анықталып жатыр», - деп жазылған Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

>